Құрылтайға сайлау күні Орал қаласындағы бірқатар дауыс беру учаскелерінде тұрғындар үшін мәдени шаралар ұйымдастырылуда.
Атап айтқанда, №439 сайлау учаскесінде «Әжелер» ансамблі ұлттық киімдерде, дауыс беруге келген тұрғындарға өнер көрсетіп, ұлттық әндерден концерттік бағдарлама ұсынды. Ансамбльдің орындауындағы халық әндері жиналған тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Сондай-ақ №303 оқушылар сарайында орналасқан №303 сайлау учаскесінде Е. Ғ. Абдулов атындағы үрмелі аспаптар оркестрі концерт қойды. Оркестрдің орындауындағы музыкалық шығармалар сайлау күні учаскеге келген тұрғындарға ерекше мерекелік атмосфера қалыптастырды.
Мұндай мәдени шаралар тұрғындардың қоғамдық белсенділігін арттырып, дауыс беру күніне мерекелік сипат беруге бағытталған.
Мазмұнға өту
