Categories Жайық news

Оралда әлеуметтік нысандар салынуда

Орал қаласында тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне және балалардың денсаулығын нығайтуына бағытталған жаңа әлеуметтік нысандар салынуда. Деркөл кентінің Сарыарқа шағын ауданында көлемі 2400 шаршы метрді құрайтын заманауи спорт және балалар алаңы пайдалануға берілді. Мұнда футбол алаңы, балаларға арналған ойын аймағы, көше тренажерлері, жарықтандыру жүйесі, велотұрақ пен демалыс орындары бар. Құрылысты «Жайық Сити» ЖШС жүзеге асырды.

Сонымен қатар Зачаган кентінде де жаңа спорт алаңы бой көтеріп келеді. Жалпы аумағы 1260 шаршы метрді қамтитын нысан жасанды көгалмен жабдықталып, айналасы брусчаткамен төселуде. Жоба аясында орындықтар, көлеңкелік жаппа, қоқыс жәшіктері, футбол қақпалары орнатылып, жарықтандыру шамдары мен бейнебақылау камералары қойылады.

Бұл бастамалар тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға, балалар мен жастарды спортқа баулуға және қаладағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға үлес қосатыны сөзсіз.

 

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…