Жайық news

Оқу-ағарту министрі БҚО әкімінің орынбасарымен кездесті

Сурет: Жайық Пресс

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Мендіғалиевпен жұмыс кездесуін өткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі. Кездесуге облыстық білім басқармасы мен бала құқығын қорғау басқармасының басшылары да қатысты.

Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын іске асыру аясында өңірде бала құқығын қорғау, буллингтің, құқық бұзушылықтардың және кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар қаралды.

Ерекше назар қиын өмірлік жағдайдағы балаларға атаулы көмек көрсетуге және оларға ведомствоаралық қолдау көрсетуге аударылды.

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының 2026-2027 оқу жылына дайындық барысы, оның ішінде білім нысандарының дайындығы мен балаларға қауіпсіз жағдай жасау мәселелері талқыланды.

Көп оқылғандар