Categories Әлем

Онкологиялық орталықтардағы ашық есік күнінде 30 адамнан қатерлі ісік анықталды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Еліміздің барлық онкологиялық орталықтарында онкоурологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау мақсатында Бірыңғай ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Уақтылы диагностиканың арқасында акцияға қатысушылардың арасында 30 қатерлі ісік жағдайы (оның ішінде күдікті жағдайлар), 43 обырға дейінгі жағдай және 287 өзге ауру анықталды. Бұл аурулар әрі қарай бақылауды, қосымша тексеруді немесе емдеуді қажет етеді.

Аталған күні тұрғындар онкоурологтар мен бейінді мамандардан тегін консультация алып, профилактикалық тексеруден және қажетті диагностикалық зерттеулерден өтті. Акция қорытындысы бойынша 579 адам мамандардың консультациясын алды. Барлығы 386 диагностикалық зерттеу жүргізілді, оның ішінде 14 төмен дозалы компьютерлік томография жасалды.

Акция халықтың қауіп факторлары, алдын алу шаралары және уақтылы диагностиканың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған республикалық ақпараттық науқан шеңберінде ұйымдастырылды. Бірыңғай ашық есік күні профилактикалық тексерулердің жоғары тиімділігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ұқсас жазбалар

Венесуэладағы жер сілкінісінен 6,7 млн адам зардап шекті

Венесуэладағы жер сілкінісінен 6,7 млн адам зардап шекті. Қаза тапқандар саны 1,4 мыңнан асты.

Португалия мен Колумбия тең ойнап, плей-оффқа жолдама алды

Португалия мен Колумбия құрамалары әлем чемпионатының K тобындағы соңғы матчта 0:0 есебімен тең түсті.

28 маусымда Алматыда ауа сапасының нашарлауы күтіледі

«Қазгидромет» РМК 28 маусымда Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілетінін хабарлады.