Сурет: istockphoto.com
Ресейдің Омбы қаласындағы Драверт шағынауданында құрылыс алаңында ірі өрт болды. Оқиға сенбі күні жергілікті уақыт бойынша таңғы 10:30-да тіркелді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қалың қара түтін көрген тұрғындар өрт туралы хабарлаған. РИА Новости Омбы облысы бойынша Ресей Тергеу комитетінің тергеу басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, алдын ала болжам бойынша өрт дәнекерлеу кезінде ұшқынның жылу оқшаулағыш материалға түсуінен басталғанын жеткізді.
Құрылыс материалдары тұтанып, жалын 1000 шаршы метр аумаққа тараған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, облыстық прокуратура тексеру жүргізуде.
Аймақтық денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өрт кезінде 11 адам ауруханаға жеткізілген. Олардың барлығы – мердігер құрылысшылар, Өзбекстан азаматтары.
«Зардап шеккендердің барлығы – мердігер құрылысшылар, Өзбекстан тұрғындары. Олар құрылыс нысанында мердігерлік келісімшарт бойынша жұмыс істеген», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Омбы облысының денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі «Интерфаксқа» ауруханаға жеткізілгендердің сегізі ауыр жағдайда екенін, олардың денесінің 20-дан 90 пайызына дейін күйік шалғанын мәлімдеді.
«Нақтыланған ақпарат бойынша, стационарда сегіз адам қалды. Барлығы ауыр жағдайда және жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың денесінің 20-дан 90 пайызына дейін күйік шалған», деді агенттікке ведомство өкілі.
Қалған үш адам дәрігерлердің тексеруінен кейін үйлеріне жіберілген.
Мазмұнға өту
