Categories Саясат

Өзбекстанда жасанды интеллект 2 мыңнан астам шенеунікті жұмыссыз қалдырмақ

Өзбекстанда жасанды интеллект 2 мыңнан астам шенеунікті жұмыссыз қалдырмақ,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Өзбекстанда мемлекеттік басқару жүйесін цифрландыру мен автоматтандыру мақсатында жасанды интеллект кең көлемде енгізілуде. Соның нәтижесінде 2141 мемлекеттік қызметкердің орны қысқарады. Бұл туралы ел президенті Шавкат Мирзиёевтің жарлығы Ұлттық заңнама базасында жарияланды.

Жаңа шешімге сәйкес, ең көп қысқарту Салық комитетінде болады – мұнда 498 қызметкердің орны қысқартылады. Бұдан бөлек:

Су шаруашылығы министрлігінде – 224,

Ауыл шаруашылығы министрлігінде – 200,

Жұмыспен қамту және кедейлікті қысқарту министрлігінде – 163,

Экология министрлігінде – 176,

Әділет министрлігінде – 197 штат бірлігі жойылады.

Жалпы алғанда, бұл өзгерістер 2025 жылдың 1 қарашасына дейін жүзеге асырылады.

Президенттің айтуынша, жасанды интеллектті енгізу бюрократияны азайтып, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, жарлықта қысқартуға ұшыраған қызметкерлерді жаңа жұмысқа орналастыруға көмек көрсетілетіні атап өтілді.

Ұқсас жазбалар

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…

Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.…

Көктемгі шақыру қорытындысы: Қазақстан әскері 21 мыңнан астам азаматпен толықты

Көктемгі шақыру науқаны аясында Қазақстанның Қарулы күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына 18 бен…