Categories Әлем

Өзбекстанда халық саны соңғы 30 жылда екі есеге жуық өсті

Сурет: ӨзА

Өзбекстанның тұрақты халқы 39 047 321 адамға жетті. Бұл туралы елдің Статистика комитеті халық пен ауыл шаруашылығы санағының алдын ала қорытындысын таныстыру барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

1989 жылғы соңғы жалпыұлттық санақпен салыстырғанда халық саны шамамен екі есеге көбейген. Бұл туралы «ӨзА» ақпарат агенттігі мәлімдеді.

Хабарламада айтылуынша, алдын ала мәлімет бойынша, санақ барысында бір адамды тіркеуге орта есеппен 0,12 АҚШ доллары жұмсалған. Сондай-ақ елде бір жылдан астам уақыт тұрып жатқан 56 860 шетел азаматы есепке алынған. Олардың басым бөлігі Ташкент қаласында тұрады. Шетел азаматтарының саны бойынша Үндістан, Ресей және Қазақстан алғашқы үштікке енді.

Айта кетерлігі, санақ нәтижесіне сәйкес, тұрғындардың 35,7 миллионы немесе 91,3 пайызы өзбек тілін ана тілі ретінде көрсеткен. Билік бұл деректер демографиялық үрдістерді бағалау, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды әзірлеу және мемлекеттік саясатты жоспарлау үшін маңызды статистикалық негіз болатынын атап өтті.

Ұқсас жазбалар

Путин мен Трамп бір жарым сағат сөйлесті: Украина, Иран және екіжақты қатынастар талқыланды

Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы қақтығыс, Иран…

Конгода Эбола жұқтырғандар саны 1500-ден асты — ДДҰ

Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусын жұқтырудың 1502 зертханалық расталған жағдайы тіркелді. Оның ішінде 473 адам…

Арменияның Конституциялық соты парламент сайлауының нәтижелерін бекітті

Арменияның Конституциялық соты парламент сайлауының нәтижелерін күшінде қалдырды. Сот барлық өтінішті қарап, шешімді бекітті.