Әлем

Өзбекстан латын әліпбиіндегі төрт әріпті өзгертеді

Сурет: Atamekenbusiness

Өзбекстан латын әліпбиіндегі «Sh», «Ch», «Ng» және «O‘» әріптерінің орнына жаңа таңбалар енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазір екі таңбамен жазылатын әріптер бір таңбаға ауыстырылады. Бұл өзгеріс сөздерді жазуды жеңілдетіп, емлені біріздендіруге бағытталған.

Өзбекстан депутаттары заң жобасын үшінші оқылымда мақұлдап, Сенатқа жіберді. Құжат қабылданса, бұрын берілген паспорттар мен жеке куәліктерді ауыстыру қажет емес, олар жарамды күйінде қалады. Жаңа жазылым тек мерзімі өткен құжаттарды ауыстырғанда ғана қолданылады.

Банкноттар, оқулықтар, жол белгілері және басқа баспа өнімдері бірден өзгертілмейді, тек қайта басылған кезде ғана жаңа әріптер енгізіледі. Өзбекстан билігі бұл өзгерістер мемлекетке, бизнеске және азаматтарға қосымша қаржылық жүктеме түсірмейтінін мәлімдеді.

Көп оқылғандар