Саясат

ӨЛЕҢТІЛІК КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР МЕН КЕЛІНДЕР ТАҢДАУ ЖАСАДЫ

Өлеңті ауылының көпбалалы аналары мен келіндері бүгінгі маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, №293 сайлау учаскесіне өз таңдауларын білдірді. Елдің ертеңі мен болашағына бейжай қарамай, маңызды қоғамдық мәселелерге үн қосу — әр азаматтың ел алдындағы жауапкершілігінің көрінісі.

Көпбалалы аналар мен ауыл келіндерінің сайлау учаскесіне келіп, өз дауыстарын беруі — ел өміріне белсенді араласудың жарқын үлгісі. Әрбір дауыс — ел болашағына деген жауапкершілік. Әрбір таңдау — қоғамның дамуына қосылған үлес.

Өлеңті ауылының тұрғындары ел тағдырына қатысты маңызды шешімге өз үлестерін қосып, азаматтық белсенділіктерін танытты.

Көп оқылғандар