Сурет: Egemen Qazaqstan
«Нью-Йорк Никс» 53 жылдан соң алғаш рет Ұлттық баскетбол қауымдастығының (ҰБА/NBA) чемпионы атанғаннан кейін Таймс-скверде жаппай тәртіпсіздік басталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ұзақ күткен жеңіске қуанған жұрт мектеп автобустарын қиратып, біреуін толығымен өртеп жіберген. Бұзақылар полиция көліктерін талқандап, қоқыс жәшіктерін аударған.
Тәртіп сақшылары атты әскердің көмегімен халықты таратып, ондаған адамды ұстаған.

