Сурет: Aikyn.kz
Дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Нұрқанат Серікбаев Хорватияның Загреб қаласында өткен Гран-при турнирінің финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі шешуші белдесуде ол бразилиялық Рональд Лимамен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.
ҚР ҰОК мәліметінше, осылайша Нұрқанат Серікбаев Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медаль салды.
Бұған дейін Ғалия Тынбаева (48 келі) мен Аман Бақытжан (60 келі) күміс жүлдеге ие болған еді.
Мазмұнға өту
