Сурет: Egemen Qazaqstan
Норвегия құрамасы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Бразилияны 2:1 есебімен ұтып, өз тарихында тұңғыш рет турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
АҚШ-тың Нью-Джерси штатында өткен кездесуде норвегиялықтардың екі голын да Эрлинг Холанд соқты. Бразилия сапында Неймар пенальтиден бір голмен көзге түсті. Бірінші таймда Бруно Гимарайнш 11 метрлік айып добын мүлт жіберді.
Осылайша Норвегия құрамасы тарихында алғаш рет әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Бұған дейін норвегиялықтар екі рет 1/8 финал кезеңіне дейін ғана жеткен еді.
Ширек финалда Норвегия Мексика – Англия жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ол ойын 12 шілде күні АҚШ-тың Майами қаласында өтеді.

