Сурет: istockphoto.com
Қазақстанда мектеп мұғалімдеріне өздері сабақ беретін оқушыларға ақылы қосымша сабақ өткізуге тыйым салынады. Бұл шешімді Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменов жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, бұл шара мұғалімдер арасындағы жемқорлықтың алдын алу және білім сапасын арттыру үшін қажет. Енді педагогтар тек басқа мектептердің немесе өзге сыныптардың оқушыларына ғана ақылы сабақ бере алады.
«Біз мұғалімдердің өз оқушыларына ақылы сабақ беруіне жол бермейміз. Бұл – этикалық нормаларға қайшы және білім беру жүйесіндегі теңсіздікті күшейтеді», – деді Жұлдыз Сүлейменов.
Жаңа талаптар алдағы оқу жылынан бастап күшіне енеді. Министрлік бұл шешімді жүзеге асыру үшін арнайы бақылау механизмдерін енгізуді жоспарлап отыр.

