Categories Әлем

Монакодағы жарылыс теракт емес, кәсіпкерге қастандық ретінде тергелуде

Сурет: istockphoto.com

Монако прокуратурасы 29 маусым күні кешке Франциямен шекараға жақын маңда болған жарылысты кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша тергеп жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Прокурор Стефан Тибоның айтуынша, шабуылдың мақсаты кәсіпкер Вадим Ермолаев пен оның отбасы болған. Сондықтан бұл оқиға террорлық акт ретінде емес, нақты адамдарға қарсы жасалған қастандық ретінде қарастырылып отыр.

Тергеу мәліметінше, бейнебақылау камералары күдіктінің жәбірленушілерді күтіп, тұрғын үйдің маңында бірнеше рет жүргенін тіркеген. Алдын ала болжам бойынша, шабуылдаушы жалғыз әрекет еткен. Жарылыстан кейін ол жаяу Францияның Босолей қаласына өтіп кеткен. Қазір оған іздеу жарияланған.

Оқиға салдарынан үш адам зардап шекті. Бизнесменнің серігі ауыр жағдайда Ницца қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, аяқтарынан ауыр жарақат алған әйелге ампутация жасалған. Вадим Ермолаев күйік жарақатын алған. Дәрігерлердің мәліметінше, оның және ұлының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Украинаның Сыртқы істер министрлігі Франциядағы елшілік зардап шеккендерге консулдық көмек көрсетіп жатқанын мәлімдеді.

Вадим Ермолаев Украинаның Днепр қаласынан шыққан ірі құрылыс салушы, Alef компаниялар тобының негізін қалаушы. Бұған дейін ол Украина азаматтығынан бас тартып, Кипр азаматтығын алған.

Айта кетейік, оқиға болған алғашқы сағаттарда Ницца қаласының мэрі мен бірқатар әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары жарылысты теракт деп бағалаған еді.

Ұқсас жазбалар

Байқоңырда «Союз МС-29» экипажы скафандрларын тексерді

Байқоңыр ғарыш айлағында «Союз МС-29» экипажы скафандрларын тексеріп, ұшырылым алдындағы соңғы дайындық кезеңін бастады.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Конгоға қарсы санкцияларды ұзартты

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Конго Демократиялық Республикасына қатысты санкциялар режимін 2027 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартты.…

Парагвайда ұлттық құраманың жеңісіне орай демалыс жарияланды

Парагвай президенті Сантьяго Пенья ұлттық құраманың әлем чемпионатындағы тарихи жетістігіне байланысты 30 маусымды демалыс күні…