Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің жыл басынан бері атқарған жұмыстары туралы есеп тыңдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Баяндама әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғау, жауынгерлік дайындық және әскери қызметтің беделін арттыру бағыттарын қамтыды. Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Қарулы күштердің жауынгерлік даярлығы, цифрландыру және жасанды интеллект енгізу жұмыстары, сондай-ақ автоматтандырылған басқару жүйелерін дамыту туралы мәлімет берді.

Сонымен қатар ол «Батыл тойтарыс – 2026» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына дайындық барысын баяндады. Бұл жаттығулар әскери басқару органдары арасындағы байланысты күшейтуге және жауынгерлік әлеуетті арттыруға бағытталған.

Министр Голан жоталарындағы бітімгерлік миссияның екінші контингентінің сәтті аяқталғанын және үшінші контингенттің ротациясы басталғанын атап өтті. Сондай-ақ ол әскери қызметшілердің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қосқан үлесі жоғары бағаланғанын жеткізді.

Әскерге шақыру науқаны мен әскери қызметшілердің мәртебесін көтеру жұмыстары жөнінде ақпарат берілді. 21-27 маусым аралығында Бурабайда өтетін «Айбын – 2026» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына дайындық барысы да қаралды.

Мемлекет басшысы Қарулы күштердің жауынгерлік даярлығын жетілдіру, армияны цифрлық трансформациялау және елдің қорғаныс қабілетін нығайту бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Ұқсас жазбалар

Президент бәсекелестікті қорғау агенттігінің басшысын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады, ол жарлықтың орындалу…

Президент Ішкі істер министрінен қылмыс ахуалы туралы есеп тыңдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдап, елдегі криминогендік ахуал мен ведомство жұмысы…

Астанадағы Триатлон саябағында балалар алаңы өртенді

Астананың Алматы ауданындағы Триатлон паркінде балалар алаңы өртеніп, өрт сөндірушілер 25 шаршы метр аумақты шарпыған…