Categories Әлем

Мажарстанда ауа температурасы рекордтық деңгейге жетті

Сурет: Рixabay

Мажарстанда ауа температурасының жаңа рекорды тіркелді. Будапештте термометр бағаны 40 градусқа дейін көтерілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

HungaroMet метеорологиялық қызметінің мәліметінше, бұған дейінгі рекорд 1935 жылы 39,9 градус болған. Билік өкілдері апта басында ыстықтың 42 градусқа жетуі мүмкін екенін ескертті. Бұл болжам расталса, елдің метеобақылау тарихындағы абсолюттік температуралық рекорд жаңарады.

Аптап ыстыққа байланысты HungaroMet ауа райы қаупінің үшінші, ең жоғары деңгейін жариялады. Үкімет мемлекеттік мекемелер мен компанияларға қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге көшіруді ұсынды. Жұмыс орнында болуы міндетті қызметкерлер үшін ғимараттарды кондиционермен жабдықтап, ауыз сумен қамтамасыз ету тапсырылды.

Әскери қызметкерлер, жергілікті билік пен қайырымдылық ұйымдары қоғамдық орындарда тұрғындарға ауыз су таратуда. Аптап ыстық салдарынан жедел жәрдем шақыру саны 8 пайызға артқан. Бірнеше адам күн өтіп, ауруханаға жеткізілді. Алайда елде әзірге ірі төтенше оқиғалар тіркелген жоқ.

Ұқсас жазбалар

29 маусымда еліміздің барлық қаласында ауа сапасы жақсы болады

«Қазгидромет» РМК 29 маусымда еліміздің барлық қаласында ауа сапасы талапқа сай болатынын хабарлады.

Германияда аптап ыстықтан орман өрті 100 гектарға жетті

Германияда аптап ыстық салдарынан орман өрті 100 гектарға жетіп, өрт сөндірушілер 40°C ыстықта күресіп жатыр.

NASA Swift телескопын құтқару үшін алғашқы роботты миссияны бастайды

NASA Swift телескопын құтқару үшін алғашқы роботты миссияны бастайды. АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін…