Әлем

Мәскеудегі мейрамханадағы жарылыстан қаза тапқандар саны 5-ке жетті

Сурет: Egemen Qazaqstan

1 тамызда Мәскеудегі мейрамханада болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 5 адамға жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Известияның мәліметінше, ауруханада тағы 2 адам көз жұмды. Қазіргі уақытта кемінде 6 зардап шегушінің жағдайы ауыр, дәрігерлер олардың өмірі үшін күресіп жатыр.

Жарылыс 1 тамыз күні кешке Кудрин алаңындағы Balzi Rossi мейрамханасында болды. Алғашында оқиғаға мейрамхана асханасындағы газ жабдығы себеп болды деген алдын ала болжам айтылған. Алайда кейін Ресейдің Ұлттық терроризмге қарсы комитеті бұл оқиғаны террористік акт деп таныды.

Комитеттің мәліметінше, қолдан жасалған жарылғыш құрылғы іске қосылған. Салдарынан 3 адам – мейрамханаға қолында қорабы бар курьер қызды кіргізбей тоқтатқан күзетші, курьердің өзі және келушілердің бірі қаза тапқан. Сондай-ақ 21 адам түрлі дәрежеде жарақат алған.

Көп оқылғандар