Сурет: Global Look Press
Әлем чемпионатының ширек финалында Марокко құрамасы Франциядан 2:0 есебімен жеңілгеннен кейін Лондон көшелерінде жаппай тәртіпсіздік басталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желілерде жанкүйерлер арасындағы қақтығыстардың видеолары тарады. Матч аяқталған соң мыңдаған марокколық жанкүйер Лондонның солтүстік-батысындағы Эджвер-роуд көшесіне жиналған. Оқиға орнына полиция қызметкері жұмылдырылды.
Ағылшындық басылымдардың мәліметінше, тәртіпсіздік матчтың үзілісі кезінде-ақ басталған. Жанкүйерлер отшашу атып, қоршауларға шығып, жол қозғалысына бөгет болған.
Оқиға кезінде бір полиция қызметкері жарақат алып, бірнеше адам ұсталған. Қазіргі уақытта Англия астанасында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, жағдай құқық қорғау органдарының бақылауына алынған.
Мазмұнға өту
