Сурет: Anadolu Ajansı
Ливанның Денсаулық сақтау министрлігі 2 наурыз бен 21 маусым аралығындағы әскери қақтығыстардан қаза тапқандар санын жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ведомствоның X желісіндегі есебінде қақтығыс басталғалы бері Ливанда 4106 адам қаза тауып, 12153 адам жараланғаны көрсетілген.
Израиль әуе күштері Ливанның оңтүстігіндегі Набатия ауданында шииттік «Хезболла» ұйымының нысандарына шабуыл жасап, бір тәулік ішінде 49 адам қаза тауып, 32 адам жараланды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жексенбі күні Израиль авиациясы Али-Тахер биіктіктеріне соққы берген, онда шиит жасақтары қорғанып жатқан. Кфар-Тибнит қаласы мен Набатия-эль-Фаука маңына дрон шабуылдары жасалып, зардап шеккендер бар, нақты саны анықталып жатыр.
Маусым айының алғашқы сенбісінде Израильдің Ливанның оңтүстігіне жасаған соққыларынан кемінде 14 адам қаза тапты.

