Сурет: Egemen Qazaqstan
Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусын жұқтырудың расталған жағдайлары мыңнан асып, 250-ден астам адам қайтыс болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Індеттен зардап шеккен үш провинцияда билік науқастармен байланыста болған адамдарды анықтап, бақылауға алды. Дәрігерлердің мәліметінше, жұқтыру жағдайларының көпшілігі медициналық қызметкерлер арасында тіркелген. Пациенттер диагноз қойылғанға дейін сол клиникалар мен амбулаторияларға жүгінген.
Елде індеттің таралуын тежеу шаралары жалғасуда. Мамандар эпидемиологиялық қадағалауды күшейтіп, халықты ақпараттандыру және диагностика мен емдеу жүйесін жетілдіру жұмыстарын жүргізуде.

