Сурет: Рolites.news
Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусын жұқтырудың 782 жағдайы расталды. Соңғы тәулікте 72 жаңа жағдай тіркелген, бұл індет басталғалы бергі ең жоғары көрсеткіштердің бірі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Үкіметтің эпидемиологиялық есебіне сәйкес, расталған жағдайлардың 181-і өліммен аяқталған. Бұл Конгодағы Эбола вирусының 17-ші өршуі. Індет елдің шығысындағы үш провинцияда – Итури, Солтүстік Киву және Оңтүстік Кивуда таралған.
Ауру алғаш рет Итуридегі Ниа-Ниа денсаулық сақтау аймағында және Солтүстік Кивудағы Мабалако аймағында расталды. Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінген.

