Қоғам

Кітап оқу марафонына бес күнде 100 мыңнан астам адам тіркелді

Сурет: istockphoto.com

Қазақстанда кітап оқу марафонына тіркелу басталған алғашқы бес күнде 100 мыңнан астам адам қатысты. Қатысушыларды тіркеу 2 қыркүйекте басталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тіркелушілер саны бойынша Ақтөбе облысы шамамен 44 мың адаммен көш бастап тұр. Одан кейін Жетісу облысы – 16 мыңға жуық, Батыс Қазақстан облысы – шамамен 10 мың қатысушымен көш бастап тұр.

Марафон жеті бағыт бойынша өтіп жатыр. Қазіргі таңда қатысушылар саны мынадай:

  • «Кітап оқитын мектеп» – 51 148;
  • «Кітап оқитын педагог» – 23 435;
  • «Кітап оқитын колледж» – 11 061;
  • «Кітап оқитын университет» – 4 692;
  • «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» – 3 181;
  • «Кітап оқитын зияткер» – 8 332.

Ең жоғары көрсеткіш «Кітап оқитын мектеп» бағытына тиесілі. Бұл санатта 51 мыңнан астам адам тіркелген. Ал «Кітап оқитын педагог» бағыты бойынша 23 мыңнан астам қатысушы бар.

«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының атқарушы директоры Аян Сакошев алғашқы көрсеткіштер бастамаға деген жоғары қоғамдық қызығушылықты көрсететінін атап өтті.

Оның айтуынша, марафонға мектеп оқушылары мен педагогтер, отбасылар мен студенттер, мемлекеттік қызметшілер, белсенді оқырмандар және түрлі сала өкілдері қатысып жатыр. Бұл кітап оқуға деген қызығушылықтың әртүрлі буын мен өңір тұрғындарын біріктіретінін көрсетеді.

Еске сала кетейік, 1 қыркүйектен бастап елімізде «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. Биыл жоба 1 миллионнан астам адамды қамтымақ. Қатысушыларды тіркеу 15 қыркүйекке дейін жалғасады.

Көп оқылғандар