Саясат

Кездесулер, кәсіпорындар және алғашқы пікірталастар: үгіт науқанының екінші күні қалай өтті

Сайлауалды науқанының екінші күні саяси партиялардың жұмысы жаңа қарқын алды.

еңбек жағдайын жақсарту;

әлеуметтік қолдау;

өндірістегі қауіпсіздік мәселелерін талқылады.

Партия еңбек ұжымдарымен тікелей диалогқа басымдық берді.

«Ауыл» жастарға және өндіріске назар аударды

«Ауыл» партиясы екінші күнді бірден бірнеше бағытта өткізді.

Алдымен партия басшылығы AUYL JASTARY жастар қанатының республика бойынша өтетін үгіт жұмыстарына дайындық барысымен танысты.

Кейін Құрылтай депутаттығына кандидаттар Астанадағы «СтальЦинк» кәсіпорнында болып, өндіріс жұмысымен танысты және еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесуде:

өндірісті дамыту;

кәсіпкерлікті қолдау;

өңірлік экономиканы нығайту;

еңбек адамының мәртебесін арттыру мәселелері қозғалды.

Күн соңында партияның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында Құрылтай депутаттығына кандидат Жигули Дайрабаевтың қатысуымен тікелей эфир өтті.

«Ақ жол» экономикалық тақырыптарға басымдық берді

«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаеваның жетекшілігімен партия өкілдері сайлаушылармен кездесулерін жалғастырды.

Кездесулер барысында:

экономикалық саясат;

кәсіпкерлікті қолдау;

сайлаушылар көтерген өзекті мәселелер;

сайлауалды науқанның ұйымдастырылуы талқыланды.

Respublica аграрлық өңірге бет бұрды

Respublica партиясы өңірлік сапарларын Қарағанды облысынан бастады.

Партия делегациясы бірнеше ауыл шаруашылығы кәсіпорнына барып, фермерлермен және аграрлық сектор өкілдерімен кездесті.

Талқылаудың негізгі тақырыптары:

ауыл шаруашылығын дамыту;

саланы мемлекеттік реттеу;

агробизнестегі өзекті мәселелер болды.

Екінші күн нені көрсетті?

Сайлауалды науқанның екінші күні партиялардың стратегиясы өзгергенін анық аңғартты. Салтанатты іс-шаралардың орнына нақты өңірлік жұмыс, еңбек ұжымдарымен кездесулер, кәсіпкерлермен, жастармен және қоғам белсенділерімен ашық диалог алдыңғы орынға шықты.

Әр партия өз электоратына жақын форматты таңдауға тырысты. Бірі пікірталас ұйымдастырса, бірі марафон өткізді, енді бірі өндіріс орындары мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын аралады. Алдағы күндері дәл осындай өңірлік кездесулер мен тікелей байланыс сайлауалды науқанның негізгі өзегіне айналатыны байқалады.

Көп оқылғандар