Спорт

Итиана Шыңғысова Чехияда боччадан алтын медаль жеңіп алды

Сурет: Астана қаласының әкімдігі

Чехияда өткен Pilsen 2026 World Boccia Challenger халықаралық турнирінде Итиана Шыңғысханова боччадан алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Топтық кезеңде ол Израиль спортшысы Орел Якоовты 9:3, Жаңа Зеландия өкілі Хлоя Стуртты 7:3, Словакия спортшысы Кристина Кудлацованы 5:2 есебімен ұтты.

Жартылай финалда қазақстандық спортшы Грекия өкілі Элисавет Иосифидоумен кездесіп, 8:1 есебімен басым түсіп, финалға шықты.

Шешуші кездесуде Итиана Шыңғысханова Израиль өкілі Орел Якоовпен қайта кездесіп, 10:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша ол Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медаль салды.

Айта кетейік, Қарағандыда ерекше балаларға арналған тегін спорт секциялары ашылды. Онда аутизм, сал ауруы, дауна синдромы және психологиялық ауытқу сырқаттарына шалдыққан балаларға арналған спорт үйірмелері жұмыс істейтін болады.

Көп оқылғандар