Categories Әлем

Иран Ормуз бұғазын кеме қатынасы үшін жапты

Сурет: Tasnim

Иран Қарулы күштерінің «Хатам әл-Анбия» орталық штабы Ормуз бұғазының кеме қатынасына жабылғанын жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Fars агенттігі хабарлады.

Мұндай шешім Израиль әскерінің Ливан аумағына жасаған соққыларына жауап ретінде қабылданған.

— АҚШ соғысты тоқтату жөніндегі келісімнің алғашқы тармағын орындаудан ашық түрде бас тартып, өз міндеттемелерін бұзды. Сонымен қатар Ливанның оңтүстігіндегі атысты тоқтату режимі үздіксіз бұзылып отыр. Жүздеген мың бейбіт тұрғын қаза тауып, мәжбүрлі түрде қоныс аударды. Израиль күштері Ливанның оңтүстігінен кетуден бас тартқанын ескере отырып, Ормуз бұғазы кемелердің өтуі үшін жабылатынын мәлімдейміз, — делінген штаб мәлімдемесінде.

Әскери қолбасшылық бұл қарсы тараптың сенімге селкеу түсірген әрекетіне жауап ретіндегі алғашқы қадам екенін атап өтті. Сондай-ақ агрессия жалғасқан жағдайда қарсыласты өз міндеттемелерін орындауға мәжбүрлеу үшін қосымша шаралар қабылданатыны ескертілді.

Еске салайық, 15 маусымға қараған түні Иран, Пәкістан және Америка Құрама Штаттары Вашингтон мен Тегеран арасындағы бейбіт келісім жасалғанын мәлімдеген болатын. Тараптар барлық бағытта, соның ішінде Ливан аумағында әскери әрекеттерді дереу және түпкілікті тоқтатуға келіскен.

Кейін 19 маусымда Швейцария аумағында өтуі тиіс АҚШ пен Иран арасындағы техникалық келіссөздердің кейінге шегерілгені белгілі болды. Кездесу кейінге қалдырылғанына қарамастан, АҚШ Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасына қойылған шектеулерді алып тастағанын хабарлаған. Ал Иран өз кезегінде бұғаз арқылы өтетін кемелерден ақы алынбайтынын мәлімдеген еді.

Ұқсас жазбалар

СІМ Таиландта жоғалған қазақстандық рэпер туралы мәлімдеме жасады

Қазақстандық рэпер Дархан Жұмабек Таиландта іздестірілуде. СІМ дипломаттардың жергілікті органдармен байланыста екенін хабарлады.

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты: 21 маусымдағы матчтар кестесі

20 маусымнан 21-не ауған түні футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының екінші тур ойындары өтеді. Германия…

Мысырда 2500 жылдық көне ғибадатхана қалдықтары табылды

Мысырдағы Бахария оазисінде археологтар шамамен 2500 жыл бұрын салынған ежелгі ғибадатхана кешенінің қалдықтарын анықтады.