Сурет: © Nano Banana
Иран Ислам Республикасы Ормұз бұғазында ереже бұзған кемелерге айыппұл салып, тәркілейтінін ескертті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Иранның Ормұз бұғазындағы теңіз қатынасын бақылау басқармасы ереже бұзған кемелердің тізімін жариялады. Ведомство X әлеуметтік желісінде тізімге енген кемелерге бұғаз арқылы өту кезінде шектеу қойылатынын мәлімдеді.
Сондай-ақ, тәртіпке бағынбаған кемелерге айыппұл салынатыны, тіпті тәркіленетіні айтылды. Тізімдегі кемелермен байланысы бар кез келген кеме де осы тізімге қосылады.
19 тамызда Axios басылымы АҚШ Қарулы күштерінің Ормұз бұғазы арқылы кемелердің өтуіне мүмкіндік беретін құпия теңіз бағытын хабарлады. Бұл бағыт арқылы күн сайын миллиондаған баррель мұнай тасымалданады.
Басылымның мәліметінше, Оман жағалауына жақын жолмен күніне 15–20 мұнай танкері өтеді, олар әлемдік нарыққа шамамен 10 млн баррель мұнай жеткізеді. Таяу Шығыстағы шиеленістің қайта өршуіне байланысты мұнай бағасы қымбаттап, бір аптада 5 пайыздан астам өсті.
Бұған дейін Дональд Трамп Ираннан соңғы ондаған жылдағы қақтығыстар, шабуылдар мен наразылықтар салдарынан келтірілген шығын және адам өлімі үшін өтемақы төлеуді талап еткен еді. Тегеран бұған жауап ретінде америкалық әскери қызметшіні өлтірген немесе тұтқынға алған азаматтарға 30 мың доллар сыйақы тағайындайтынын хабарлады.
Мазмұнға өту
