Categories Әлем

Иран мен АҚШ келіссөзінің жаңа кезеңі 11 шілдеде Пәкістанда өтеді

Сурет: Anadolu

Иран мен АҚШ арасындағы келіссөздердің келесі кезеңі 11 шілдеде Пәкістанда өтеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тараптар Пәкістандағы кездесуде Иранға қарсы санкцияларды алып тастау, бұғатталған активтерді босату және ядролық бағдарламаға қатысты мәселелерді талқылайды. Ирандық делегацияның құрамы 9 шілдеде АҚШ пен Израильдің 28 ақпандағы шабуылы салдарынан қаза тапқан елдің бұрынғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменейді еске алу рәсімдері аяқталғаннан кейін белгілі болады.

Иран мен АҚШ арасында 14 маусымда қол жеткізілген уағдаластыққа сәйкес, тараптар 60 күн ішінде Иранға қарсы санкцияларды жеңілдету, Ормуз бұғазындағы жағдай және ядролық мәселе бойынша келіссөздер жүргізуі тиіс болған. Алайда 21 маусымда Швейцарияда өткен кездесу Израильдің Ливандағы әскери операцияларының жалғасуы, АҚШ-тың Иранның бұғатталған активтерін босатудан бас тартуы және Ормуз бұғазын басқару мәселесіне қатысты келіспеушіліктерге байланысты жалғаспады.

Ормуз бұғазы маңындағы қақтығыстардан кейін 1 шілдеде екі елдің делегациялары Дохада Қатар өкілдерімен жеке-жеке кездесулер өткізді. Бұған дейін Қатар АҚШ пен Иран арасындағы жанама келіссөздерде ілгерілеу бар екенін мәлімдеген еді.

Ұқсас жазбалар

Конгода Эбола вирусын жұқтырғандар саны 1500-ге жетті

Конго Демократиялық Республикасында зертханалық расталған Эбола безгегімен ауыратындар саны бір тәулікте 42 адамға көбейіп, 1502-ге…

Пәкістандағы шабуылдан төрт қауіпсіздік қызметкері қаза тапты

Пәкістанның Белуджистан провинциясында жағалау күзетінің бекетіне жасалған шабуылдан төрт қауіпсіздік қызметкері қаза тауып, 16 адам…

Швейцариядағы аптап ыстық мұздықтардың еруін жеделдетті

Еуропадағы аптап ыстықтың салдарынан Швейцариядағы мұздықтарда қар әдеттегіден бірнеше апта бұрын еріп кетті.