Categories Жайық news

Иран көсемі мыңдаған адамның өлімін мойындады: Кінәлі – АҚШ президенті

Иранның рухани көсемі Әли Хаменеи елдегі наразылықтар кезінде мыңдаған адамның қаза тапқанын алғаш рет көпшілік алдында мойындады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Алайда, аятолла Әли Хаменеи бұл адамдардың өліміне АҚШ-ты кінәлады. Иранның мемлекеттік ақпарат құралдары оның сөзін былай келтірді:

«Біз АҚШ президентін иран халқына қарсы жасалған жала, келтірілген шығын мен құрбандар үшін қылмыскер санаймыз».

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп ирандық шерушілерді «наразылықты жалғастыруға» шақырып, егер Тегеран күштік құрылымдар арқылы халықты жазалайтын болса, Вашингтонның әскери шара қолдануы мүмкін екенін ескерткен.

АҚШ-та орналасқан HRANA атты ирандық құқық қорғаушылар ақпарат агенттігінің мәліметінше, қақтығыстарды аяусыз басып-жаншу салдарынан 3090 адам мерт болған.

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…