Әлем

Иран армиясы америкалық әскерилерді өлтіргендерге сыйақы тағайындады

Сурет: istockphoto.com

Иран армиясы америкалық әскери қызметшіні өлтірген немесе тұтқынға алған азаматтарға 30 мың доллар көлемінде сыйақы тағайындады. Бұл туралы Иран армиясының қолбасшысы Әмір Хатами мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Иранның мемлекеттік телеарнасы IRIB-тің хабарлауынша, америкалық әскери қызметшіні өлтірген немесе тұтқынға алған ирандыққа 30 мың доллар немесе 5 миллиард томан төленеді. Ал ирандық әйелдерге сыйақы мөлшері екі есе көбейтіледі.

Сондай-ақ Хатами америкалық әскери қызметшінің көзін жоюға қолданылған қаруды нарықтық бағасынан екі есе қымбатқа сатып алып, оның орнына жаңа қару берілетінін айтқан. Сатып алынған қару кейін музей экспонатына айналмақ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Тегеран Ормұз бұғазын бірлесіп пайдалану жөніндегі Оманның ұсынысын қабылдамай, Иорданиядағы АҚШ күштеріне баллистикалық зымырандармен соққы жасады. Осыдан соң АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонның Иранға жауап соққыларын қайтаратынын айтып, Тегеранға «қатаң сабақ берілетінін» жеткізген еді. Көп ұзамай Ақ үй басшысы Ираннан соңғы ондаған жылда болған қақтығыстар, шабуылдар мен наразылықтар салдарынан келтірілген шығын және адам өлімі үшін өтемақы төлеуді талап етті.

Көп оқылғандар