Сурет: Report
Индонезиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 20-ға жетті. Тағы 6 адам зардап шеккен, ал 2 адам үйінді астында қалған. Бұл туралы құтқару қызметтері хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Шығыс Нуса-Тенгара провинциясының губернаторының мәліметінше, қаза тапқандар үйінділер астында қалған. Аралда тұрғын үйлер, мемлекеттік ғимараттар және басқа да инфрақұрылым нысандары зақымданған.
Флорес аралының солтүстік жағалауындағы тұрғындарға, сондай-ақ оңтүстік аудандар мен аралдарда тұратындарға эвакуацияланып, жағалаудан алыстау ұсынылды.
Бүгін Индонезияда 7,7 магнитудалы жер сілкінісі болды. Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының дерегінше, жер сілкінісінің ошағы Лабуан-Баджо қаласынан 161 шақырым солтүстік-шығыста орналасқан. Бұл қалада шамамен 188 мың адам тұрады.
Бұған дейін Индонезия жағалауында жолаушылар паромынан өрт шыққан. Паром бортындағы 271 адамның 225-і құтқарылды.
Мазмұнға өту
