Әлем

Индонезияда жолаушылар паромы өртеніп, 5 адам қаза тапты

Сурет: 24kz

Индонезия жағалауында жолаушылар паромынан өрт шығып, бортындағы 271 адамның 225-і құтқарылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

24kz дерегіне сүйенсек, кемінде 5 адам қаза тауып, тағы 41 адам із-түзсіз жоғалған. Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Кеме Сурабая портынан шыққаннан кейін бірнеше сағат өткен соң өрт басталған. Оның шығу себебі әзірге белгісіз.

Индонезия – 17 мыңнан астам аралдан тұратын архипелаг, мұнда паромдар кеңінен қолданылады. Қауіпсіздік ережелерінің әлсіздігі апаттардың жиі болуына себеп ретінде айтылады.

Көп оқылғандар