Әлем

Индонезияда 7,7 балдық жер сілкінісі болды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Бүгін таңертең Индонезияда Астана уақытымен сағат 03:58-де магнитудасы 7,7 болатын күшті жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жерасты дүмпуі Флорес аралының жағалауында болған. Ошақ Энде қаласынан 68 шақырым жерде, 15 шақырымға дейінгі таяз тереңдікте орналасқан.

Сикка округінде екі адамның қаза тапқаны ресми расталды. Тағы бірнеше тұрғын ауыр жарақат алған.

Жер сілкінісі аймақта айтарлықтай қирауға әкелді. Маумере қаласында теңіз портының күту залы толық қираған. Сонымен қатар жүздеген тұрғын үй, мектептер, ауруханалар мен әуежай ғимараттары зақымданған.

Қазіргі уақытта цунами қаупі жоқ. Алайда өңірде магнитудасы 6,2-ге дейін жететін күшті қайталама жер сілкіністері, афтершоктар жалғасып жатыр.

Құтқарушылар үйінділерді аршып, іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастыруда.

Көп оқылғандар