Сурет: istockphoto.com
Халықаралық іздеуде жүрген алаяқтыққа күдікті Түркиядан Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауымен ол Самсун қаласында ұсталған. Шетелде 20 жыл жасырынған қылмыскер экстрадицияланды.
Тергеу мәліметінше, күдікті 2024 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында Instagram және ақпараттық жүйелер арқылы Атыраудың екі тұрғынын алдап, 3 млн теңгеден астам қаражатты иемденген. Қазір күдікті Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

