Categories Жайық news

Google мен Apple нысанаға алынды: Иран Таяу Шығыстағы америкалық компанияларға шабуыл жасайтынын ескертті

Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) Microsoft, Apple, Google және Meta сияқты америкалық ірі технологиялық компаниялардың Таяу Шығыстағы кеңселеріне соққы жасайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Tasnim агенттігінің хабарлауынша, ИРСК ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және жасанды интеллект саласындағы компанияларды «террорлық операцияларға» қатысы бар деп айыптап отыр.

«Террорлық шабуылдарға арналған нысаналарды әзірлеу мен бақылауда негізгі рөлді АКТ және жасанды интеллект саласында жұмыс істейтін америкалық компаниялар атқаратындықтан, бұдан былай террорлық операцияларға белсенді қатысатын негізгі мекемелер біздің заңды нысанамызға айналады», — делінген ИРСК таратқан мәлімдемеде.

Нысанаға алынуы мүмкін компаниялардың тізімінде Cisco, HP, Intel, Oracle, Microsoft, Apple, Google, Meta, Nvidia, Tesla және Boeing сияқты ірі корпорациялар бар.

ИРСК «террорлық тыңшылыққа» қатысы бар деген компанияларға 1 сәуір күні кешке қарымта шаралар қолданылатынын ескертті. Сондай-ақ аталған компаниялардың аймақтағы қызметкерлеріне өмірін сақтап қалу үшін жұмыс орындарынан кетуге кеңес берілді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…