Сурет: ашық дереккөз
Тынық мұхитында бақылау тарихындағы ең күшті Эль-Ниньо құбылысы қалыптасуы ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлыбританияның метеорологиялық қызметінің болжамынша, мұхиттың кейбір аймақтарында су бетінің температурасы қалыпты деңгейден 3 градустан да жоғары болуы мүмкін.
Мамандар мұндай сценарий 2027 жылды бақылау тарихындағы ең ыстық жылға айналдыруы әбден ықтимал екенін ескертеді. Қазіргі көрсеткіштердің өзі қалыпты деңгейден 2 градустан астам жоғары.
Эль-Ниньо бірнеше жылда бір рет қайталанып, бүкіл әлемдегі ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшеріне әсер етеді.
Британдық мамандардың айтуынша, олар бұған дейін бұл құбылыстың мұндай күшті белгісін тіркеп көрмеген.
Айта кетейік, эколог Лаура Мәлікова еліміз аптап ыстық пен су тапшылығына дайындалуы қажет екенін ескертті.
Мазмұнға өту
