Әлем

Германияда аурухана өрті: екі адам қаза тауып, 34 адам жарақат алды

Сурет: Pixabay

Германияның солтүстік-шығысындағы Людвигслуст қаласындағы ауруханада болған өрт салдарынан екі адам қаза тауып, 34 адам жарақат алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Билік мәліметінше, өрт жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 4:30 шамасында радиология бөлімшесінің шатырында тұтанған. Қазір өрт бақылауға алынған, бірақ оның шығу себебі әлі анықталмаған.

Аурухана мен оған іргелес ғимараттардан эвакуация жүргізілуде. Өрт сөндіру қызметінің хабарлауынша, науқастар аурухана аумағындағы қауіпсіз жерге орналастырылған. Қосымша ақпарат әзірге жоқ.

Көп оқылғандар