Categories Әлем

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тапты

Сурет: видеодан алынған кадр

Ганада бірнеше күн бойы жауған нөсер жаңбыр су тасқынына әкелді. Төтенше жағдай салдарынан 12 адам қаза тауып, тағы жеті тұрғынның тағдыры белгісіз болып отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Табиғи апат ел астанасы Аккра мен бірнеше өңірді қамтыды. Тасқыннан мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшіріліп, жалпы саны 39 мыңға жуық адам зардап шекті.

Өңірлерде іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Билік апат салдарын жою және тұрғындарға көмек көрсету үшін шұғыл шаралар қабылдады.

Жергілікті БАҚ өкілдері су тасқынының зардабына қаладағы су ағызу жүйелерінің жеткіліксіздігі мен ретсіз салынған құрылыстар да әсер еткенін айтады. Мамандардың пікірінше, бұл факторлар судың еркін ағуына кедергі келтіріп, апаттың ауқымын ұлғайтқан.

Табиғи апаттан келген шығын көлемі мен жоғалған адамдарды іздеу жұмыстары бойынша нақтылау шаралары жалғасуда.

Ұқсас жазбалар

Италиядағы Гарда көлі аптап ыстықтан миллиардтаған литр су жоғалтты

Италиядағы Гарда көлінде су деңгейі күрт төмендеп, тәулігіне 7,4 миллиард литр су жоғалтуда. Аптап ыстық…

Ресей билігі жанармай бағасы туралы деректерді жариялауды тоқтатты

Ресей үкіметінің статистика қызметі автокөлік жанармайының тұтынушылық бағасына қатысты мәліметтерді ресми есептерден алып тастау туралы…

Монакодағы жарылыс теракт емес, кәсіпкерге қастандық ретінде тергелуде

Монако прокуратурасы 29 маусым күні кешке Франциямен шекараға жақын маңда болған жарылысты кісі өлтіруге оқталу…