Басты тақырып

Франциядағы мұражайдан 9 млн еуроға бағаланған картиналар ұрланды

Сурет: DW

Францияның оңтүстік-шығысындағы Кань-сюр-Мер қаласындағы Пьер Огюст Ренуар мұражайынан екі адам төрт картинаны ұрлап кетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қала әкімі Брайан Массонның айтуынша, дабыл жүйесі 8 қыркүйекте таңғы 05:48-де іске қосылған. TF1 телеарнасының мәліметінше, ұрылар картиналарды жақтауларынан кесіп алған.

Қылмыскерлер бейнебақылау камераларына түсіп қалғанын байқап, қашуға шешім қабылдаған. Қашып бара жатып, олар ұрланған картиналардың бірін тастап кеткен. Билік әзірге нақты қандай туындылардың ұрланғанын ресми түрде хабарлаған жоқ.

Сондай-ақ, олардың Ренуардың өз жұмыстары немесе басқа суретшілердің картиналары екені әзірге белгісіз. Келтірілген шығын шамамен 9 млн еуроға бағаланып отыр.

Көп оқылғандар