Сурет: Report
Францияда шілде айының басынан бері қасақана немесе кездейсоқ өрт шығарды деген күдікпен 474 адам қамауға алынды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ұсталғандардың 183-і — кәмелетке толмағандар, бұл жалпы санының шамамен 39 пайызын құрайды.
Биыл Францияда орман өрттерінен зардап шеккен аумақ 100 мың гектардан асты. Бұл спутниктік бақылау жүргізіле бастаған соңғы 20 жылдағы рекордтық көрсеткіштердің бірі.
Ең көп зардап шеккен өңір — елдің оңтүстік-батысындағы Жиронда департаменті. Мұнда ондаған мың гектар аумақ өртеніп кетті. Шілде айының соңындағы ірі өрттердің бірінен Жирондада шамамен 42 мың гектар жер жанып кеткен.
Жиронда өңіріндегі орман өрті Париж қаласының аумағынан 4 есе үлкен аумақты шарпыды. 28 шілдеде Франция билігі Атлант мұхиты жағалауындағы туристік аймақтардан тағы 4 000-ға жуық адамды эвакуациялау туралы шешім қабылдады. Себебі қайта күшейген аптап ыстық Бордо қаласының батысындағы ауқымды орман өртін бақылауда ұстауды қиындатып отыр.
Сондай-ақ Франция мен Испанияда 119 мың гектар орман алқабы өртеніп кетті.
Мазмұнға өту
