Categories Әлем

Францияда аптап ыстықтан 18 адам қаза тапты

Сурет: видеодан алынған кадр

Францияда аптап ыстық салдарынан 18 адам көз жұмды. Қаза болғандардың арасында оңтүстік-шығыстағы көліктен ес-түссіз күйде табылған 2 және 4 жастағы екі бала бар. Құтқарушылар балаларды аман алып қала алмады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бордо қаласында ауа температурасы 41,9 градусқа жетсе, Пуатьеде 41,2 градус тіркелген. Бұл 1947 жылы орнатылған рекордтан жоғары. Парижде де маусым айына тән емес аптап ыстық байқалады.

Ыстық ауа райы тұрғындардың күнделікті өміріне әсер етті. Францияның бірқатар өңірінде мектептер уақытша жабылып немесе сабақ уақыты қысқартылды. Билік әсіресе егде жастағы адамдар үшін қауіп жоғары екенін ескертті.

Бордо өңірінде демалыс күндері аптап ыстықтың салдарынан үш қарт адам қайтыс болған. Соңғы күндері суға кету оқиғалары артқан. Жексенбіден бері кемінде 13 адам суға батып кеткен.

Мамандардың айтуынша, аномальды ыстыққа «омега-блок» деп аталатын тұрақты атмосфералық құбылыс себеп болған. Ол ыстық ауа массаларын өңір үстінде ұстап тұрады. Климатологтардың мәліметінше, ауа ағындары Сахара шөлінен келіп, ұзақ уақыт бойы тарамай тұр.

Аптап ыстық Испанияны да шарпыды. Сан-Себастьян қаласында температура 40 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Бұл жыл мезгілі үшін қалыпты көрсеткіштен екі еседен астам жоғары.

Ұлыбританияда синоптиктер маусым айындағы температуралық рекордтардың жаңаруы мүмкін екенін айтып отыр. Елдің кейбір өңірлерінде ауа температурасы 39 градустан асуы ықтимал.

Италияның 12 қаласында қауіптің ең жоғары – қызыл деңгейі жарияланды. Туринде электр желілеріне түсетін жүктеменің артуына байланысты жарықтың уақытша өшуі тіркелген.

Сарапшылардың пікірінше, Еуропа әлемнің басқа өңірлеріне қарағанда жылдамырақ жылып келеді. Соның салдарынан мұндай экстремалды ауа райы құбылыстары жиілеп, олардың әсері күшейіп барады.

Ұқсас жазбалар

Бұрын Өзбекстанға қараған екі ауыл ресми түрде Қырғызстан құрамына енді

Өзбекстанмен мемлекеттік шекараны демаркациялау аясында бұрын сол елдің аумағында болған екі елді мекен тұрғындарымен бірге…

Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер отставкаға кететінін мәлімдеді

Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер жергілікті сайлаудағы көңілсіз нәтижелерден кейін партия жетекшісі қызметінен кететінін мәлімдеді.

Қырғызстан көмір экспортына тыйым салу мерзімін ұзартты

Қырғызстан көмірді автомобиль көлігімен экспорттауға салынған тыйым мерзімін алты айға ұзартты.