Categories Әлем

Францияда аптап ыстыққа байланысты қоғамдық орындарда ішімдік ішуге шектеу қойылды

Сурет: istockphoto.com

Франция билігі мерекелік іс-шараларда алкоголь ұсынуға тыйым салды. Бұл туралы премьер-министр Себастьян Лекорню мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін француз жұрты музыка мерекесін атап өтеді. Бұл күні Франция көшелерінде жыл сайын миллиондаған адам жиналады. Енді билік өкілдері ми қайнатар ыстықта спиртті сусындар ағзадағы сусыздану қаупін күшейтіп, дәрігерлер мен құтқару қызметтеріне түсетін жүктеме артады деп алаңдап отыр.

Қазір елдің 35 өңірінде ауа райына байланысты ең жоғары «қызыл» қауіп деңгейі жарияланған. Жаңа қаулыға сәйкес, мемлекет ұйымдастыратын іс-шараларда алкогольді сусын ұсынылмайды.

Ұқсас жазбалар

Норвегия бастауыш сынып оқушыларына жасанды интеллект қолдануға шектеу енгізді

Норвегия бастауыш сынып оқушыларына жасанды интеллект қолдануға шектеу енгізді. Жаңа ережелер келесі оқу жылынан бастап…

АҚШ пен Иран келіссөздері Швейцарияда жалғасуда

АҚШ пен Иран делегациялары Швейцарияда тікелей келіссөздердің жаңа кезеңін бастамақ. Кездесуге Иранның Ормұз бұғазын қайта…

Иран Израильдің Ливанға соққысынан кейін Ормуз бұғазын қайта жапты

Иран Израильдің Ливанға жасаған әуе шабуылдарынан кейін Ормуз бұғазын кемелер үшін қайта жауып тастады.