Әлем

FlyArystan «Ақтау – Дубай» рейсін тоқтату мерзімін ұзартты

Сурет: ашық дереккөз

FlyArystan әуекомпаниясы Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстерді орындауды уақытша тоқтату мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Компанияның мәліметінше, бұл бағыттағы рейстер 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін қоса алғанда орындалмайды. Бұған дейін рейстердің 2026 жылғы 29 тамызға дейін тоқтатылғаны хабарланған еді.

Тоқтатылған рейстердің жолаушылары билет құнын айыппұлсыз, толық көлемде сатып алған жерінен қайтара алады. Айта кетейік, FlyArystan сәуір айында Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Дубайға рейстерді тоқтатқан болатын.

Көп оқылғандар