Әлем

Ердоғанды Астанада салтанатты қарсы алды: Түркия президентінің сапары басталды

Тәуелсіздік сарайында Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қонақты күтіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Рәсім барысында екі елдің әнұрандары шырқалып, құрмет қарауылы өтті. Ердоған мен Тоқаев ресми делегация мүшелерін таныстырды.

«Бұл сапар екіжақты қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтереді», — деді Қазақстан президенті.

Кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастық пен инвестициялық жобалар талқыланбақ. Тараптар аймақтық қауіпсіздік мәселелеріне де тоқталады деп күтілуде.

Көп оқылғандар