Жайық news

Ердоған Астанада: «Ата-баба жеріне қош келдіңіз» деп балалар өлең арнады

Two men in business attire shaking hands with agreement, promoting voting indoors.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымының X мерейтойлық саммитіне қатысу үшін Астанаға келді. Мәртебелі мейманды әуежайдан ұлттық киімдегі балалар гүл шоқтарымен және өлең шумақтарымен қарсы алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ердоғанды Астана әуежайынан ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов бастаған ресми тұлғалар күтіп алды. Құрмет қарауылы сап түзеді.

Бүлдіршіндер Түркия басшысына арнау өлеңдерін оқып, гүл сыйлады. Олардың Ердоғанға айтқан жылы лебізі көпшіліктің есінде қалды:

«Құрметті Ердоған ата, ата-баба жеріне қош келдіңіз!» — деді балалар.

Саммиттің негізгі тақырыбы — «Түркі дәуірі!». Шараға сондай-ақ Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан президенттері мен бақылаушы елдер – Мажарстан және Түрікменстан басшылары қатысады.

Көп оқылғандар