Жайық news

Енді 16-ға толмай әлеуметтік желіге тіркеле алмайды: Үкімет жаңа заң әзірледі

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдерге әлеуметтік желіде аккаунт ашуға тыйым салынуы мүмкін. Бұл бастаманы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жария етті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, ведомство онлайн-платформалар мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін реттейтін жаңа заң жобаларын әзірлеген. Басты мақсат – кәмелетке толмағандарды интернеттегі зиянды ақпараттан қорғау.

«Құжаттарда балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желілерге қолжетімділігін шектеу және 16 жасқа толмағандарға аккаунт ашуға тікелей тыйым салу қарастырылған», — деді Аида Балаева.

Заң жобалары қазірдің өзінде сараптамадан өтіп, қоғам талқылауына шығарылған. Егер құжаттар мақұлданса, билік пайдаланушылардың жасын тексеретін арнайы тетіктерді енгізіп, талапты бұзғандар үшін жауапкершілік шараларын да бекітпек.

Фото: Әлеуметтік желіден

Көп оқылғандар