Сурет: Egemen Qazaqstan
Енді спорт саласындағы маңызды мәселелерді талқылайтын жаңа диалог алаңы жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Кеңес құрамына Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, қазіргі спортшылар және ел спортының дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлер кірді. Олардың тәжірибесі мен білімі спорттағы өзекті мәселелерді шешуге және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге жұмсалады.
«Спортшылар кеңесі» отандық спортты дамытуға қатысты мәселелер бойынша спортшылар, мемлекеттік органдар, спорт федерациялары және сарапшылар арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін тиімді диалог алаңына айналады. Кеңестің қызметі спортшылардың мүдделерін қорғауға, саланы дамытуға қатысты ұсыныстар әзірлеуге және мемлекеттік бастамаларды іске асыруға бағытталады.
«Спортшылар кеңесінің» құрылуы спортшылардың саланы дамытуға қатысты шешімдер қабылдау үдерісіндегі рөлін күшейтеді. Сонымен қатар бұл бастама спорт қауымдастығы, мемлекеттік органдар және қоғам арасындағы тиімді диалогты нығайтуға ықпал етеді.
Мазмұнға өту
