Сурет: istockphoto.com
Қазақстандағы екі жоғары оқу орны лицензиясынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, білім сапасы мен заң талаптарын бұзған университеттерге қатаң шара қолданылады. Қазіргі таңда екі оқу орны тексеріліп жатыр.
«Біз лицензияны қайтарып алуға дейін барамыз. Егер университеттер заң бұзушылықтарды жоймаса, ондай шешім қабылданады», — деді Саясат Нұрбек.
Министрлік білім беру сапасын көтеру үшін жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Аталған университеттердің аты әзірге жарияланбады.

