Сурет: ашық дереккөз
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Конгодағы Эбола індетінің белең алып тұрғанын мәлімдеді. Ұйымның бағалауынша, індетті жұқтыру қаупі «өте жоғары» деңгейде, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, індеттен 177 адам қайтыс болды. Жағдайдың күрт нашарлауына байланысты ДДҰ дабыл қақты. Ұйым індеттің таралуын тоқтату үшін шұғыл шаралар қабылдауды талап етіп отыр.
«Конгодағы жағдай өте күрделі. Біз індеттің одан әрі таралуына жол бермеу үшін бар күшімізді салуымыз керек», – деді ДДҰ өкілі.
Эбола індеті әсіресе Конгоның шалғай аймақтарында қауіп төндіріп тұр. Денсаулық сақтау жүйесінің әлсіздігі мен халықтың ақпараттандырылуының төмендігі жағдайды ушықтыруда. ДДҰ індетті бақылауда ұстап, қажетті көмек көрсету үшін жергілікті билікпен бірлесіп жұмыс істеуде.

