Сурет: Jas Qazaq
Оралда бизнес өкілдері мен мемлекеттік органдар ЕАЭС аясындағы өзара саудада СПОТ жүйесін қолдану тәртібін талқылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Кеңес барысында Ресей Федералдық салық қызметі мен Федералдық кеден қызметінің өкілдері жаңа жүйенің қалай жұмыс істейтінін түсіндірді. Олар СПОТ жүйесінің негізгі қағидаттары мен қолдану тәртібін егжей-тегжейлі баяндады.
Біздің мақсатымыз – кәсіпкерлерге жаңа жүйенің тиімділігін көрсету және оны енгізу кезінде туындайтын сұрақтарға жауап беру, – деді Ресей Федералдық салық қызметінің өкілі.
Қатысушылар СПОТ жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылап, оны енгізу барысында кездесетін қиындықтарды атады. Жиын соңында тараптар бірлескен жұмыс жоспарын бекітті.

