Сурет: BILD
АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байденнің қатерлі ісігі асқынып, қатты ауырсыну тудырып отыр. Бұл туралы оның ұлы Хантер BBC-ге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
«Қатерлі ісік таралып, метастаздар сүйектерге және одан әрі тарап кетті. Бұл өте ауыр әрі адамды қатты әлсіретеді», деді Байденнің ұлы.
83 жастағы экс-президенттің өкілдері бұл сұхбатқа түсініктеме беруден бас тартты.
2025 жылдың мамырында, Ақ үйден кеткеніне төрт айға жуық уақыт өткен соң, Джо Байден қуықасты безінің қатерлі ісігінің агрессивті түріне шалдыққанын мәлімдеді. Сол жылдың қазан айында саясаткердің өкілі экс-президенттің сәулелік және гормондық терапия курсынан өтіп жатқанын хабарлады.
Байден соңғы рет маусым айында Чикагода өткен Барак Обаманың президенттік кітапханасының ашылу рәсімінде көпшілік алдына шықты.
Айта кетейік, бұған дейін Бангладеш президенті Мохаммад Шахабуддин денсаулығына байланысты қызметінен кететінін мәлімдеген болатын.
Мазмұнға өту
